Дубай халықаралық әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты (видео)

Дубай халықаралық әуежайы (DXB) уақытша жұмысын тоқтатты. Бұған әуежайға дронмен жасалған ықтимал шабуыл туралы ақпарат себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода әуежай аумағына құлаған ұшқышсыз ұшу аппараты (БПЛА) жарылып, қою түтін шыққаны көрінеді. Оқиғаны түсірген куәгер дрон тікелей ұшаққа соғылғанын айтқан.
Дубай үкіметінің медиа кеңсесі жолаушылардың, әуежай қызметкерлерінің және әуе компаниялары экипаждарының қауіпсіздігі үшін әуежай жұмысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Қазір барлық шара қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес жүргізіліп жатыр.
БАҚ мәліметінше, Дубай әуежайының жұмысы тоқтаған әр минут шамамен 1 миллион доллар шығын әкеледі.
Айта кетейік, 1 наурыз күні де Дубай халықаралық әуежайына дронмен шабуыл жасалған. Сол кезде төрт адам жарақат алған. Сонымен қатар Израиль мен АҚШ-тың әуе соққыларынан кейін Тегерандағы Мехрабад халықаралық әуежайында өрт шыққаны хабарланды. Оқиға салдары туралы кадрлар әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланып жатыр.
- Air Astana Таяу Шығыс елдеріне рейстерді 10 наурызға дейін тоқтатты
- "Халықты елемеушілік": Депутат Дубайдағы қазақстандық шенеуніктерге тиесілі мүлікті тексеруді талап етті
Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасаған. Бұған жауап ретінде Иран Таяу Шығыстағы АҚШ әскери базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығының бірқатар өкілі, соның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болғаны хабарланды. Осыдан кейін Иранда уақытша басшылық кеңес құрылғаны айтылды.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты