Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дубай билігі елдегі жағдайға байланысты қонақүйлерге туристерді шығарып жіберуге тыйым салды

Фото: Желі кадрларынан скрин

Дубайдың экономика және туризм департаменті қонақүйлерге хат жолдап, туристерге көмектесуге шақырды. Атап айтқанда, елден шыға алмай қалған туристерді қонақүйлерде қалдыруын сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл хатта ұшақ рейстерінің кешігуі немесе болмауына байланысты көмек көрсету керегі айтылған.

“Қонақүйлерге кеңес: осындай жағдайда туристерге тұру мерзімін ұзартуға мүмкіндік беріп, бастапқы брондау шарттарын сақтау керек. Сонымен қатар егер қонақтар транспорттық шектеулерге байланысты шыға алмаса, оларды қонақүйден шығарып жібермеу ұсынылады. Мақсат – қиын жағдайдағы қонақтарға барынша көмек көрсету”, – делінген хабарламада.

Аймақтағы жағдайдың ушығуына байланысты көп рейстер тоқтатылған. Дубай, Абу-Даби және Рас-эль-Хаймада жүздеген қазақстандық өз елдеріне уақытында ұша алмай отыр. Қазір елшілік қонақүйлермен арнайы тарифтер туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Абу-Даби мен Рас-эль-Хайма билігі шетелдік туристердің тұру шығындарын өз мойнына алуға дайын екенін айтты.



Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды. Оның резиденциясы қиратылды. Кейін шиеленіске орай Таяу Шығыс елдерінен рейстер жаппай тоқтатылды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 02 Наурыз, 2026 13:07