11-22 наурызда қазақстандықтар демалады деген ақпарат тарады: Министрлік бұл жайлы не дейді
WhatsApp желісі арқылы қазақстандықтар үшін наурыздың 11-22 аралығында карантин жарияланады, сол себепті бұл күндері демалыс болады деген ақпарат жаппай тарала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Денсаулық сақтау министрінің үкімімен 11-22 наурыз аралығында демалыс жарияланады", - делініпті хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұл хабарламаны жоққа шығарды.
"Бұл - ақпарат жалған. Қазақстандықтардың қай күндері демалатындығын үкімет шешеді", - деп мәлімдеді Ахметшәріп.
Еске салайық, алдағы уақытта еліміздің тұрғындары 21-25 наурыз аралығынада демалысқа шығады.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды