Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Досы Димаштың жүлдеден өнерді биік қоятынын айтты

Алпамыс Шәрімов Димаш Құдайбергеновтың кез келген марапаттан өнерді биік қоятынын сөз етті.

17493833_241100419687600_2816997310607654912_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше отандасымыз Димаш Құдайбергенов Қытайда «Грэмми» сыйлығымен марапатталды. Аталған марапат оның Азияның ең танымал әншісі екенін танытты. Марапаттау рәсімі барысында әнші жүлдесін емес, оң қолындағы микрофонын биік көтерген екен. Осы орайда, оның досы әрі менеджері Алпамыс Шәрімов Димаштың өнерді бәрінен биік қоятынан айтып өтті.

Суреттерден Димаштан бұрын, әкесі мен жан досының ерекше қуанғанын байқауға болады. «Енді мен “Азияның ең танымал әншісінің” ресми досымын! Туф, қандай бақыт! Құтты болсын! Қуанышымызда шек жоқ! Тойла, қазақ! Димашқа қарағанда Қанат аға екеуміз қатты қуанышты сияқтымыз! Залдың қабылдауы, “Димаш” деп Mercedes Benz Arena айқайлаған кезде тіпті қандай эмоцияда болатынымды айта алмаймын! Саxнада тұрып, “мені қолдап жүретін жан досыма раxмет айтамын” дегенде жүрегім аузымнан бір-ақ шықты! Қуанышымда шек жоқ! Әлемдік деңгей! Атаның емес Адамның баласы! Осы қуанышты сыйлағанына раxмет, Дико!» – дейді Алпамыс Шәрімов.

17437586_430344327298966_3712767479546642432_n

Мұнымен қатар, Алпамыс мырза Димаштың өнерді барлығынан биік қоятынан сөз етті. Осы сөздерінің дәлелі ретінде сурет ұсынды. Аталған суретте отандасымыз сол қолындағы жүлдесін емес, оң қолындағы микрофонын биікке көтеріп тұр екен.

«Кім байқады!? Әдейі емес бұл сурет – кездейсоқ түсірілген сурет! Басылымдарға да жария болған сурет! Осындай премиялардың жүзін көрдім, мықтылардың мықтысы саxнаға шығып қуанған сәтте ұтқан жүлдесін (статуэтка) сыйлығын биікке көтеретін еді… Біздің Димаштың оң қолындағы микрофоны одан да биік тұр! Қуанғаннан мүмкін тым философ болып кеткен шығармын, бәлкім! Бірақ, сол қолындағы жүрек тұсындағы марапаты, оң қолындағы биікке көтерілген микрофоны болмаса келмес те еді… Алланың құдіреті дер ем бұл суретті! Бұл белгі… Қаншама қуағанымен ненің қадірі биік екенін ұмытпауымыз керек дегендей сыр кешеді бұл сурет!» – дейді Димаш Құдайбергенов.

Әншінің танымалдылығы артқалы оның досы да желіде жұлдызға айналғанды. Алпамыс Шәрімовтың инстаграм желісіндегі достары бірнеше есе көбейіп, ағылшын, қытай, қазақ, орыс тілдерінде түрлі пікір жазылып жатқан-ды. «Ия, дұрыс айтасың, Алпамыс. Бізде қуанғаннан, эмоциямыз ішімізге сыймай жатыр. Сендер ушін қатты қуанамыз. Димашты мақтан тұтамыз», «Алпамыс, еңбектеріңіз жана берсін», «Жарайсыңдар, бауырлар! Қайда жүрсеңдер де, аман болыңдар! Қуанышымызда шек жоқ», «Күшті жазыпсыз. Дұрыс айтасыз. Келісемін сізбен!», «Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Келісемін сізбен» деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Ақын Орал Байсеңгір Димаштың орындауындағы «Ұмытылмас күн» әнінің тарихын айтып берді

Жұлдызай Дүйсенбиева: Жүкті кезімде әкемнің көзіне көрінбедім

Қайрат Нұртастың анасы: Жаңа фильмде танымал адамдар болмайды

Ауыл мұғалімі Ninety one тобын жақтаған Нұртас Адамбайды балағаттап тастады

Талқылау