Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Достарымен бәстесіп, отжаққыш жұтып алған азамат жарылып кете жаздапты

Қытайдың Шэньян қаласының тұрғыны от тұтатқышты жұтып қойып, ауруханаға тек 3 күннен кейін келіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

25  жастағы ер азамат ішімдікке тойып алып достарымен бәс тіккен көрінеді. Нәтижесінде ұтылып отжаққышты жұтып алыпты. Бөгде зат оның ағзасынан өзі шығады деп ойлап, ол ауруханаға да бармаған көрінеді. 

Екі күн өткен соң қытайлық жігіт қайтадан достарымен бірге алкогольді сусын ішіпті. Алайда бұл жолы оның асқазаны ауырып, жүрегі айни бастаған. 

22 қараша күні достарымен бәстескен азамат ауруханаға ақыры барған көрінді. 

"Науқас аузын ашқан кезде, газдың иісі бірден байқалды. Асқазан сөлі отжаққыштың сыртын ерітіп жіберген. Нәтижесінде оңай тұтанатын сұйықтық асқазанда қалып қойған. Қуанышқа орай, ер адам отқа жақындамаған көрінеді. Әйтпесе ол жарылып кететін еді", - деді Лю Си есімді қытайлық дәрігер. 

Бұған қоса науқастың асқазан жарасы анықталыпты. Бөгде затты ағзадан шығару үшін ауыр ота жасалған. Дәрігерлердің сөзінше, егер тағы бір-екі күн кешіккенде науқастың өміріне қауіп төнетін еді. 

 

Талқылау