Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Досхан Жолжақсынов жарына арнап Төреғалидің әнін шырқады (видео)

Ескірмеген махаббат деп осыны айт! Қазақстанның халық әртісі, актер әрі режиссер Досхан Жолжақсынов көпшіліктің көзінше жарына деген сезімін білдірді. Халық әртісі Қарагөз Сүлейменованың 50 жас мерейтойында оған арнап ән айтты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Өздеріңіздің сұрауларыңыз бойынша салып отырмын. Досекеңе деген сезім менде де телегей теңіз. Өмірдің бақытты сәттерден құралатыны сөзсіз. Тойда толқып жүрдім, ниеттеріңізге рахмет айтам”, – деп жазды Қарагөз Сүлейменова жарының өзіне арнаған әнін бөлісіп.

Айта кетейік, Досхан Жолжақсынов әнші Төреғали Төреәлінің репертуарындағы “Найзағай болып” әнін шырқаған. Өз кезегінде бақыттан бал-бұл жайнап жүрген Қарагөз Сүлейменова көпшіліктің ортасына шығып, билеуден қымсынбады.

💕💕💕

Публикация от Карагоз Сулейменова (@karagozsuleimenova)

Жіберіп алмаңыз:

«Біз мінсіз емеспіз»: Лидо некеде болған 10 жыл ішінде көрген қиыншылығымен бөлісті

Гүлзира Айдарбекова жарының айтқанына еріп, туған бауырына қастандық жасағандарды сынады

Қуандық әйгілі “Болайық бірге” әнін енді Ерке Есмаханмен орындап жүр (видео)

Сиви Махмуди Ернар Айдардың құпиясын ашып қойды

Талқылау