Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Досымның үшінші баласын алмадым": Елдос Кәдірханов не себепті бала асырап алғысы келмейтінін айтты

Танымал блогер, кәсіпкер Елдос Кәдірханов не себепті әлі күнге дейін балалы бола алмай жүрген себебін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/eldos_kalabok/

Ол “Taboo” бағдарламасында қонақ болып, сегіз жылдан бері бала сүйе алмай жүргенін жасырмады. 

“Әлі сәби күтіп жүрміз. Менің дұрыс емделмегенімнен болды. Медицина тілінде нақты аты бар. Бірақ ол туралы айтқым келмейді. Таңшолпанмен танысқан кезде де мен нақты жасырмай бәрін айттым. Үйленбей тұрып, біраз жыл бұрын білгенмін. Уақытында ем-дом жасамадық. Әйелім де соған келісті. Бірге күтіп келе жатырмыз. Таңшолпан медицинаның дамығанына, оның күші жететініне сенеді”, – деп бастады әңгімесін блогер. 



Сонымен қатар, блогер сұхбат барысында өзінің жақын досы үшінші баласын дүниеге келмей жатып өзіне беруге ниет еткенін айтты.

“Досым келіп, маған үшінші баламызды сендерге берсек деген ниетін білдірді. Ол маған дүние емес, ұрпағын бергелі отыр. Содан мен отбасыммен ақылдастым. Әулеттің үлкендері маған "не баланы, не досыңды таңда" деді. Яғни, баланы алатын болсаң, досыңнан алшақтауың керек деді. Өйткені сол бала арқылы ертең араларыңда түсініспеушілік пайда болатынын ескертті. Сонымен, ойлана келе мен досымның ұсынысынан бас тарттым. Қазір ол бала – менің кіндік балам. Есімі – Елдос. Мінез-құлқы өзіме ұқсайды. Түрі бауырларына келеді, мінезі тура менікі", – деді Елдос “Колобок”

Айта кетейік, "Бала асырап алуға дайын емеспін" деп Елдос "Колобоктың" әйелі өзіне жиі қойылатын сұраққа жауап берген еді. 

Талқылау