Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Допинг бойынша айыпталған Жасұлан Қыдырбаев спорттан 8 жылға шеттетілді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық зілтеміршілер – Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды допингке байланысты спорттан шеттетті.

b69bf688c30d5824fe5351d627308b2b-770x439_c

2015 жылы желтоқсан айының соңында IWF Хьюстонда өткен сол жылғы әлем біріншілігі кезінде тапсырған допинг-сынамаларынан тыйым салынған препараттар табылғаны үшін қазақстандық спортшыларды уақытша спорттан шеттеткен болатын.

Енді халықаралық ұйым Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды 4 жылға, ал тыйым салынған препаратты қайталап қолданғаны үшін Жасұлан Қыдырбаевты 8 жылға спорттан шеттетті. Одан бөлек, Өтешев пен Қыдырбаев Хьюстонда өткен әлем чемпионатында алған медальдарынан айырылды. Естеріңізде болса, байрақты бәсекеде Алмас күміс, Жасұлан қола медаль еншілеген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық төрт атлетші Рио-дан шеттетілді

Риодағы антидопингтік зертхананың қателескені белгілі болды

12 елордалық спортшы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдама алды

Мұхамедиұлы допинг дауында есімі аталған спортшылардың сыйлығына қатысты жауап берді

Талқылау