Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеулерін сақтап қалды

Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты World Boxing Organization (WBO) шешімімен 2025 жылғы 2 желтоқсаннан 2026 жылдың соңына дейін кәсіпқой бокстан уақытша шеттетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сонымен қатар ұйым боксшының чемпиондық титулдарын сақтап қалу туралы шешім шығарды.
Шешім жарияланғаннан кейін Жәнібек жанкүйерлеріне үндеу жасады.
"Аллаға шүкір! Біз WBO чемпиондық титулын сақтап қалдық! Желтоқсанда рингке ораламыз! Тілеулес болған жандарға рахмет!" – деді Әлімханұлы.
Аталмыш комитет оның бұған дейін антидопинг ережелерін бұзбағанын, тергеу барысында толық ынтымақтастық танытқанын және бұл алғашқы құқықбұзушылық екенін жеңілдетуші фактор ретінде ескерген.
Енді ол 2026 жылдың соңында шаршы алаңға қайта оралып, уақытша чемпиондық белбеу иесімен жекпе-жек өткізуі тиіс.
Айта кетейік, Жәнібек 2025 жылдың желтоқсанында WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуы керек болған.
Алайда Voluntary Anti-Doping Association (VADA) жүргізген допинг-сынамада мельдоний анықталғандықтан, айқас өтпей қалды.
Кейін Әлімханұлының командасы спортшы допинг қолданбағанын айтып, екінші сынама тапсырды. Бірақ “B” сынамасы да оң нәтиже көрсеткен.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?