Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доңыз бен есектің еті не үшін харам етілді

Алла Тағала шошқа етінің харам екендігін Құранда баяндайды.

6401_1486532939

«(Уа, Пайғамбар!): «Маған уахи етілгеннің ішінде азықтанған жанға өлік, аққан қан, шошқаның еті – өйткені ол лас нәрсе немесе Алладан өзге үшін шалынған пасықтықтан [малдан] басқа нәрсенің харам етілгенін таппадым» деп айт. Ал кім тыйымға қарсы шықпай әрі шектен аспай (харамды жеуге) мәжбүр болса, онда Раббың – Аса Кешірімді һәм Мейірбан!», деп хабаралйды mazhab.kz.

Ал есектің еті туралы Жәбірден жеткен риуаятта ол былай дейді: «Хайбарды алған күні Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үй есегінің етін жеуге тыйым салып жылқы етін жеуге рұқсат етті» (аль-Бухари 4219, Муслим 1941).

Доңыз және есек етінің харам болуының негізгі себебі нәжістігінде, ластығында. Мұның өзі тыйым салуға жеткілікті.

Алла Тағала Құранда былай дейді:«Оларға жақсы нәрселерді халал етіп, лас нәрселерді харам ететін».

Ибн Кәсир кейбір ғалымдардың сөзін жеткізіп былай дейді: «Алланың халал еткен нәрселерінің әрбірі жақсы саналады әрі ол адам баласының ағзасы мен дініне пайдалы. Ал әрбір харам еткен нәрсесі лас есептеледі әрі ол адам ағзасы мен дініне зиян келтіреді».

Ендеше шошқа мен есектің еті лас әрі адам ағзасына зиян болғандықтан харам етілген. Алла толық білуші.

Тағы да оқыңыз:

Мұсылмандардың доңыз етін жемеуінің 8 себебі

Мамандар болашақта доңыздың жүрегін адамға ауыстырып салатын болады

Маймыл екі жыл бойы доңыздың жүрегімен өмір сүрді

Талқылау