Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дөңгелек сорғы тартып кеткен": Атырауда субұрқаққа түскен үш жасар бүлдіршін қаза тапты

Атырауда субұрқақтың ішіне түскен 2021 жылы туған баланы құрылғының дөңгелек сорғысы тартып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Атырау облысы полиция департаменті

Оқиға Әйтеке би көшесіндегі субұрқақта 26 шілдеде сағат 17:50 шамасында болған. Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


  • Алматы соты "Қазақстан" қонақүйінің иесін тарихи субұрқақты қалпына келтіруге міндеттеді

Құқық қорғау органдары тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын алға тартып, оқиғаның мән-жайын жарияламады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағындағы субұрқақта шомылуға бел буған жігіт көз жұмғаны туралы жазған едік. 

Оңтүстік-шығыс өңірі бойынша өңіраралық сот сараптамасы орталығы директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары Миржан Байсадықовтың сөзінше, мектеп түлегінің өлімі суға батқан кезде тыныс алу жолдарының сумен жабылуына байланысты механикалық асфиксиядан болған. Зерттеулер мұны растаған. 

Талқылау