Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне екі күн қалғанда сотқа берді
АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трампты жыныстық қысым көрсетті деп айыптаған әйел Саммер Зервос оны сотқа берді.
Бұл туралы Washington Post хабарлайды.
Әйел өз шағымында өзі секілді Трампты айыптаған әйелдердің бәрін, жаңа президенттің “өтірікшілер” деп атағанына ашуланған. Енді ол Трамптан осы сөзін қайтып алып, кешірім сұрауын талап етуде.
“Трамп мырза мен талап еткендей кешірім сұрамады. Менде енді сотқа бергеннен басқа жол қалған жоқ. Мен өз абыройымды қалпына келтіруім керек”, – деді Зервос.
Зеврос Трампты сайлауға дейін де айыптаған әйелдердің бірі. 41 жастағы әйелдің айтуынша, Трамп оған 2007 жылы қонақүйде қысым жасаған. Ал Трамп болса өзіне тағылған бұл айыптауларды жалған дейді.
Еске сала кетейік, 20 қаңтар күні Вашингтонда Дональд Трампты жаңа президент ретінде ұлықтау рәсімі өтуі тиіс.
Оқи отырыңыз:
Әкесі ақша үшін кішкентай қызын жалаңаш суретке түсірген
АҚШ-та 7 жасар қызды бауыздап өлтірген 15 жастағы қыз бала тұтқындалды (фото)