Дональд Трамп АҚШ-та балалардың жынысын ауыстыруға тыйым салатын заң шығармақ
АҚШ-тың сайланған президенті Доналд Трамп елде балалардың жынысын ауыстыруға тыйым салмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Amanda Voisard / Reuters
TurningPoint’s AmericaFest 2024 шарасында АҚШ президенті қызметіне ресми кіріскен күннен бастап трансендерлермен күрестің нақты қадамдарын жасайтынын айтты.
"Трамп басшылық еткен кезде АҚШ үкіметінде тек екі гендер ғана болады. Бұл қиын емес қой... Біз трансгендерлік лунатизмді тоқтатамыз. Мен балалардың жынысы ауыстыруына тыйым салу туралы жарлыққа қол қоямын. Әскерден, бастауыш мектептен, орта және жоғары оқу орындарынан трансгендерлерді қуып шығамын", – деді Дональд Трамп.
Оның айтуынша, трансгендерлер спортта да болмайды.
"Бізде әйелдер спортында ер адамдар болмайды және бұл жарлықты алғашқы күні-ақ қабылдаймын. Оны екінші не үшінші күнге қалдырудың не керегі бар", – деді Дональд Трамп.
Еске салайық, бұған дейін Трамп 15 мың трансгендерді АҚШ армиясынан жұмыстан шығаруды жоспарлап отырғанын жаздық. Мәліметтерге сенсек, бүгінде АҚШ армиясының қатарында шамамен 15 мың трансгендер бар. Оларды медициналық көрсеткіштер бойынша әскери қызметке жарамсыз деп тану арқылы жұмыстан шығару жоспарланып отыр. Дональд Трамптың жаңа жарлығы 2018 жылдың наурызында шыққан жарлығына қарағанда әлдеқайда қатаңырақ болады деген болжам бар. Ол кезде Трамп трансгендерлердің армия қатарына қосылуына тыйым салып, бірақ қызметте жүргендерге жұмысын жалғастыруға рұқсат берген еді. Алайда Джо Байден бұл шешімді 2021 жылдың қаңтарында жойды.