Домбырашы қазақ жігіт тв-шоуда өзін ұнатып қалған моңғол сұлуына қарсылық білдірді (фото, видео)
Моңғолиядағы Mongolia’s Got Talent телевизиялық шоуында іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Әділқазылар алдына шыққан 19 жастағы этникалық қазақ жігіт Нұрбек, домбырамен әйгілі “Молдабайдың әнін” орындап берді.
Нұрбектің домбырада шебер ойнауы мен ән айтуы төрт қазының да көңілінен шықты. Танымал скрипкашы Деги болса, қазақ жігітіне ерекше назар аударды.
“Мені көптеген жігіттер сүйеді. Ал сен мені ұнатар ма едің?”, – деп сұрады қазы болып отырған сұлу қыз.
“Қатты жарық түсіп тұрғандықтан мен сізді көре алмай тұрмын”, – деп жауап берді Нұрбек. Сосын рұқсат алып, сахнадан түсіп қазылардың қасына барады. Алайда өзін ұнатқан қызға Нұрбек сыпайы ғана қарсылық танытты.
“Мен әлі студентпін және менің ешқандай махаббатым жоқ. Қай кезде оқуымды аяқтаймын, сол кезде сізге жауап бере аламын”, – деді қазақ жігіт.
Бұл жауапқа риза болмаған скрипкашы қыз Нұрбектің келесі кезеңге өтуі үшін қарсы дауыс берді. Ал қалғандары қазақ жігіттің талантын беске бағалады. Нәтижесінде үш бірдей қазының қолдауына ие болған ол, келесі кезеңге жолдама алды.