Домбырамен терме орындаған Бүркіт елді таңғалдырды (видео)
Шығыс стиліндегі әндерімен танылған Бүркіт бұл жолы елді басқа қырымен таңғалдырды. Әнші домбырамен терме орындады, деп жазады Stan.kz.
Архивтегі видеосын әнші желідегі парақшасында жариялады. Онда Бүркіт әйгілі Кете Жүсіптің "Үш ағайын" атты термесін домбырамен орындаған.
Мұны көрген желі қолданушылары Бүркітті өзге қырынан танығандарын айтып, таңдай қағуда.
"Аға, керемет терме айтады екенсіз ғой, сегіз қырлы, бір сырлы. Терме айтқан жарасады. Небір ақын-термешілер біздің Тараздан шыққан", - дейді оқырмандардың бірі.
"Сізді домбыра тартады деп ойламаппын, сөз жоқ", - деп таңданысын жасыра алмады екіншісі.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті