Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Долларлы миллионер": Ерке Есмахан қанша ақшасы бар екенін айтты

Ерке Есмахан қаржылық жағдайы туралы сұрақ қойған тыңдарманына қанша ақшасы бар екенін айтты. Сондай-ақ әнші ұлына көңіл бөлмейді деп сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Instagram-да сұрақ-жауап ұйымдастырған әншіге оқырмандарының бірі: "Қанша ақшаңыз бар?" – деп сұрақты төтесінен қойды. Оған Ерке: 
"Осы менің ақшамды санап не істемекшісіздер? Ақшам көп, Құдайға шүкір. Қанша екенін өзім білмеймін. Шамамен долларлы миллионермін", –  деп жауап берді. 

Сондай-ақ, желі қолданушыларының бірі әншіні жалғыз ұлына көңіл бөлмейді деп сынға алды. 10 жасар балаға ана махаббаты керек екенін айтып, оны Алматыға алдырмауының себебін сұрады. Алайда Ерке бұл ақпаратты жоққа шығарды. 



"Ұлым осында ғой. Таңертең мектепке кетеді, түсте келеді. Бәрі дұрыс. Махаббатқа, әсіресе әжесінің махаббатына бөленіп өсуде. Ілік іздеп отырасыздар иә? Алла, Алла", –  деді ол. 

Айта кетейік, әншінің ұлы Мүсілім бірінші некесінен туған. Экс-күйеуі Асхат Садырбаймен ажырасқан соң, Еркенің ұлы нағашыларының қолында тәрбиеленді. Бастауыш мектепті Ақтөбеде аяқтап, кейін Еркенің анасымен бірге Алматыға келді. 

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр