Доллар 600 теңгеге жете ме: Ұлттық экономика министрі жауап берді
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров доллар бағасы алдағы уақытта көтеріле ме деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Министр әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жасалған кезде валюта бағамы бір доллар үшін 460 теңге болып көрсетілгенін айтты.
"Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жасаған кезде орташа бағамды көрсеттік. Оның негізінде бюджеттің кіріс бөлігі қалыптасады. Болжам бойынша биылғы валюта бағамы бір доллар үшін 460 теңгені құрайды. Біз бұл болжамды өзгерткен жоқпыз", – деді Байбазаров.
"Олай айтпадым": Ұлттық банк басшысы доллар 500 теңгеге дейін өспейді деген уәдесін жоққа шығарды
Министрдің айтуынша, жылдық динамикалық көрсеткіш орта есеппен осы шектердің айналасында.
"Сондықтан біздің болжамдарымыз жыл соңына дейін қайта қаралмайды. Иә, теңге бағамы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты, бірақ жоспарымызды көріп отырсыздар. Жыл соңына дейін Ұлттық қордан қосымша трансферттер алынады, мұның бәрі теңге бағамына оң әсер етеді", – деді министр.
Еске салсақ, бұған дейін сарапшылардың доллар бағасының өсуіне қатысты пікірін жариялаған едік.