Қазақстанда доллар бағамы өсті
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда доллар бағамы өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда нәтижелері бойынша доллардың орташа салмақты курсы 523,46 теңге болып, 1,54 теңгеге көтерілді.
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 522,5-524,9 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр. Еуро 601-606 теңге аралығында болса, Ресей рублі 6,55-6,67 теңге шамасында.
Иран Ормуз бұғазын жабуға рұқсат берді: Әлемдік мұнай саудасының 30%-ына қауіп төніп тұр
2025 жылдың 23 маусымында әлемдік мұнай бағалары өсті.
Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 75,93 долларға дейін көтеріліп, 0,60% артты. West Texas Intermediate (WTI) мұнайының баррелі 74,22 долларға жетіп, 0,51% өсті.
23 маусым күні Ұлттық банк доллар бағамын 521,57 теңге, еуроны – 601,01 теңге, рубльді – 6,65 теңге деп белгіледі.
Еске салсақ, бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайларға байланысты сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасаған еді.

"Сәлем" сөзі араб тілінен енген, қазақтікі "армысыз": BI Group компаниясының амандасуға қатысты ұсынысы қоғамда сынға ұшырады
