Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дияр Нұрғожай қатысатын UFC турниріне билеттер бір минутқа жетпей сатылып кетті

Қытайда октагонға шығадыФото: instagram.com / nurgozhay_diyar

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай қатысатын UFC Fight Night 257 турниріне билеттер бір минутқа жетпей сатылып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі MMA Mania YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған турнир 23 тамызда Қытайдың Шанхай қаласындағы Mercedes-Benz Arena аренасында өтеді. Дана Уайттың айтуынша, көрермендер билеттерді сатылымға шыққан бойда түгел сатып алған. "Біз Қытайдағы турнирге барлық билетті бір минуттың ішінде саттық. Тіпті бір минутқа да жеткен жоқ", — деді ол UFC on ESPN 70 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында.

UFC Fight Night 257 кешінің басты жекпе-жегінде бразилиялық Джонни Уокер мен Қытай өкілі Чжан Миньян кездеседі. Ал прелим кард аясында Қазақстан намысын қорғайтын Дияр Нұрғожай октагонға шығады. Бұл жекпе-жек қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр.

Айта кетейік, UFC-дің Шанхайдағы турниріне билеттердің тез сатылып кетуі Азиядағы аралас жекпе-жекке деген сұраныстың жоғары екенін және ұйымның бұл нарықтағы беделінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 14 Шілде, 2025 11:34
Талқылау