Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Директор бақылап отырған: Атырау облысындағы мектептің дәретханасына бейнекамера орнатылғаны анықталды

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы орта мектептің дәретханасына бейнебақырау камерасы орнатылғаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/guwonline

Мектеп директоры ақпаратты растап, түсініктеме берді. Бейнекамера мектептің ерлер дәретханасына орнатылғаны анықталды. 

“Мектеп дәретханасында бірнеше рет материалдық шығын келтіріліп, ұсақ бұзақылық орын алуына байланысты қолжуғыштарды түсіретін бейнекамера орнату қажет болды. Алайда оұушылардың құқығы бұзылған жоқ. Камераны орнату туралы шешім мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңесінің басшысымен бірлесіп қабылданған. Бұл шара тек тәртіпті сақтау және одан әрі заң бұзушылықтардың алдын алу үшін қабылданды. Жазбаларды мен ғана көре аламын", – деді мектеп директоры Тәттігүл Қалиева.


Жолсерік қонақүй бөлмелерінде жасырын камералардың бар-жоғын тексеру әдістерін бөлісті


Жағдайға қатысты Атырау облыстық білім басқармасы да мәлімдеме жасады. Басқарма камераның алынатынын және тексеру үшін комиссия құрылғанын атап өтті.

"Қазір Атырау облысының білім басқармасы камераны алып тастау туралы шешім қабылдады. Басқармада аталмыш фактіні зерттейтін комиссия құрылды. Нәтижесі қосымша хабарланады", – делінген Атырау облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда мектеп дәретханаларына камера орнату мәселесіне қатысты оқу-ағарту министрі пікір білдірген еді. 

Талқылау