"Қуықтай жерде дипломды таратып берді": ҚазҰУ түлегі диплом тапсыру рәсімінің төмен деңгейде өткенін айтып, наразылық білдірді
Фото: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген түлек салтанаттың рәсімнің ұйымдастырылуына көңілі толмағанын айтып, университетті сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Жуырда бізде диплом тапсыру рәсімі өтті. Бірақ болған жайт "ең үздік" деп танылған университет үшін – ұят жағдай. Университеттің ресми әлеуметтік желілерінде әдемі фотолар жарияланды: ректор, гүлдер, тамаша бағдарлама, күлімдеген жүздер. Бірақ оның артында ешкім айтпайтын ақиқат тұр. Сахна жоқ, салтанат рәсім айқай-шудың арасында өтті, келген ата-аналар бірнеше сағат бойы аяқтарында тік тұрып тұрды, отыратын орын жоқ. Дипломдар дәптерден де жұқа, жел ұшырып әкетердей. Уәде етілген сапа қайда? Мереке емес, жай ғана көзбояушылық. Осы жағдайдың алдында университетте қаржы жетіспейтіні туралы, ақшаның "бір жаққа" кететіні туралы әңгімелер айтылып жүрді”, – деп шағымданды университет түлегі.
Сондай-ақ диплом беру кезінде түлектерді бөліп-жарып табыстағандарын да жасырмады. Айтуларынша, үздік түлектерге дипломды ерекше қошеметпен тапсырса, басқаларына жәй ғана бере салған.
“Бізді қуықтай жерге жинап, дипломды қалай болса, солай таратып берді. Біз төрт жыл осы сәтті күткен едік. Неге тым болмаса, бос тұрған кітапханада өткізбеді? Басқа университтер әнші, жұлдыздарды шақырып өткізіп жатыр. Бізге оның қажеті жоқ. Өзіміздің дипломымызды әдемі етіп бергенін қаладық”, – дейді желі қолданушысы.
Басқалар да дипом табыстау рәсімінің төиен деңгейде өткенін растады.
“Білдей ҚазҰУ-дың диплом табыстау кеші осындай төмен дәрежеде өтеді деп ойламаппын. Шлагбаумнан көлігімізбен өткізбей қойғаны бар,көлікте үлкен кісілер “Farabi hub-қа” жаяу көтерілді. Кешті ұйымдастыруға тым салғырт, немқұрайлы,жауапсыз қараған, талапқа сай әрекет етпеген. Диплом беру сәтінде студенттердің аты-жөні қате айтылды. Тіпті дұрыс естілмеді. Білуімше, тек белсенді түлектердің бітіру кешін керемет етіп өткізді. Әйтпесе, кеше ғана Tik Tok желісінен “керемет” бітіру кешін ұйымдастырғанын бәріміз көрдік. Ал бүгін мынадай өте төмен деңгейдегі бітіру кешіне тап болдық. Әлде ҚазҰУ студенттерді бөле ме”, – деп жазды желідегілер.
Фото: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Айтылған сынға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өз тарапынан ресми түрде жауап берді. Оқу орнының мәліметінше, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да түлектер санының көп болуына орай дипломдарды тапсыру рәсімі 1 шілдеден 12 шілдеге дейін жоспарланған.
“Іс-шараларға түлектермен бірге ата-аналар, кішкентай балаларымен туыстары, сондай-ақ достар және мобилографтар, фотографтар қатысып жатыр. Салтанатты рәсім күн сайын аумағы 5 000 шаршы метрлік Farabi Hub орталығында жүзеге асып жатыр. Орталықта LED-экран, екі баннер, дыбыс аппаратурасы, сөз сөйлеуге арналған трибуна, екі фотоаймақ, сондай-ақ түлектердің ата-аналары мен туыстарының отыруына арналған 800 орын қойылған. ҚазҰУ-дің дипломы бірегей дизайнмен әзірленген және заманауи қорғаныс құралдарымен жабдықталған. Дипломда әрбір түлекке жеке тағайындалатын бірегей нөмір мен QR-код көрсетіледі. Бұл деректер Ұлттық білім беру дерекқорында дипломды сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дипломда университет пен аккредиттеу агенттіктерінің логотиптері бейнеленген. Farabi Hub орталығында кондиционерлер, салқындатқыш желдеткіштер, буфет және медициналық бекет жұмыс істейді. Сыртқы аумақ баннермен безендіріліп, орындықтар орнатылған. ”, – делінген университет ақпаратында.
@assylshakh 1000 жыл болдығой жолдасбековтың ремонтталып жатқанына. Алматы аренада жасайтындай уровеньі бола тұра, неліктен бұлай жасады екен. Активисттерге пышный қып церемониямын жасап, қарарайым студенттерге “бола береді” деп жасағаны әділетсіз. Өте обидно! #казну #казнуунивер #вручение ♬ som original - Vic
Фото: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Сондай-ақ рәсім өткізу үшін дипломдарды тапсырудың бірыңғай сценарийі мен регламенті бекітілген.
@tamikadoki казну до сих пор разочаровывает
♬ Circus - Color Clownies

"Қабырғалары бір жыл болмай жарылып, құбырлары істен шыққан": Алматыдағы қай тұрғын үй кешеніне тұрғындар көп шағымданады
