Диплом сатамыз: қазақстандықтар желідегі жарнамаға шүйлікті
Қазақстандық желі қолданушылар еліміздің кез-келген жоғары оқу орындарының дипломын сатамыз деп ұсыныс жасайтындарға наразылық білдірді.«Астана мақтағым келіп тұр» парақшасын жүргізуші Рүстем Жансейітов қазақстандықтардың диплом сатқыштарға айтқан пікірін жеткізді. Олар инстаграм желісінде диплом сатылатыны туралы жарнамаларды кімдер жариялап жүргенін анықтауды өтінген.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Көпшілігіне белгілі жарнамалар желі арқылы тапсырыс қабылдайды екен. Инстаграм парақшасында «Қазақстан Республикасындағы кез-келген ЖОО-ның дипломдарын сатып алғысы келгендерден тапсырыс қабылдаймыз» деген мәтін бар. Олар диплом сатып алғысы келгеніндер болса ұялы телефон нөміріне және WhatsApp желісі арқылы хабарласуға болатынын жазған. Жарнамалардың астында тіпті диплом сатып алған клиенттердің алғыс айтып жазған хаттарын скриншот жасап, көрсетіп қойған.
Қазақстандық желі қолданушылар бұл жарнаманың жалған екеніне сенімді. Ал Жансерік Керей атты қолданушы мұндай жарнама жасайтындарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек дейді.
«Желі арқылы диплом сатамыз деп жариялағандары не қылығы. Олар бұл қылмыстары үшін жазаланамыз деп ойламайды-ау. Егер желідегі жарнамалар рас болып шықса, онда осы қылмысқа жоғары оқу орындарының басшылығы да араласып тұр»,-дейді Жансерік Керей.
Кейбір желі қолданушылар сатып алған дипломмен алысқа бармайды деп, халықты тыныштыққа шақыруда. Ал бұл жарнаманың рас екеніне сенетіндер, басында білімі жоқтар диплом сатып алып бір жерде қызмет жасап отыр деп ашуланды.
Жіберіп алмаңыз:
Атыраудағы мұнай зауытында қытай азаматтары күзетшілермен төбелесті
Министр дін туралы заң жобасында киім мен сақалға қатысты сөздердің жоқ екенін айтты
Астанада абақтыдан қашқан қылмыскердің әкесі ұлымды түрмедегілер ұрып-соққан деп отыр
Петропавлда екі баласымен бірге мерт болған әйел қайтыс боларын алдын ала сезген
Саламатсызба Диплом ның бағасы неше