“Дінмұхамед Қашкен бар”: Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2026 жылғы FIFA Series турниріне қатысатын футболшылардың кеңейтілген құрамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала тізімге барлығы 50 ойыншы енгізілген.
Шақырту алғандардың қатарында өткен маусымда жанкүйерлердің наразылығын тудырған "Жетісу" клубының қорғаушысы Дінмұхамед Қашкен де бар.
Халықаралық жарыс 25–28 наурыз аралығында Астанадағы Астана Арена стадионында өтеді.
Турнир "төрттік финал" жүйесі бойынша ұйымдастырылады. Алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Комор аралдары құрамасына қарсы алаңға шығады. Ал екінші матчта қарсылас ретінде Кувейт немесе Намибия құрамаларының бірі болуы мүмкін.
Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі
Қақпашылар:
Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Александр Заруцкий ("Ақтөбе"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы").
Қорғаушылар:
Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов ("Ордабасы"), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов ("Қайрат"), Нұралы Әліп ("Зенит"), Ян Вороговский, Әлібек Қасым ("Астана"), Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек ("Елімай"), Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза ("Тобыл"), Әділет Кеңесбек, Сағи Совет ("Қайсар"), Дінмұхамед Қашкен ("Жетісу"), Санжар Сатанов ("Атырау"), Сағадат Тұрсынбай ("Жеңіс"), Бағдат Қайыров ("Ақтөбе"), Амандық Нәбиханов ("Каспий").
Жартылай қорғаушылар:
Рамазан Оразов, Жан-Әли Пайруз, Алмас Төлібай ("Елімай"), Әділет Садыбеков, Дамир Қасабулат ("Қайрат"), Айбол Әбікен, Ерсұлтан Қалдыбеков ("Қайсар"), Зикрилло Сұлтаниязов ("Ордабасы"), Дамир Марат, Александр Зуев ("Тобыл"), Исламбек Қуат ("Жеңіс"), Дінмұхаммед Караман ("Астана"), Георгий Жуков ("Ақтөбе").
Шабуылшылар:
Дастан Сәтпаев, Рамазан Бағдат ("Қайрат"), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов ("Ахмат"), Ислам Чесноков ("Хартс"), Жаслан Жұмашев, Дәурен Жұмат ("Тобыл"), Эльхан Астанов ("Ордабасы"), Рамазан Кәрімов ("Астана"), Иван Свиридов, Айбар Жақсылықов ("Елімай"), Оралхан Өміртаев ("Оқжетпес"), Артур Шушеначев ("Ақтөбе"), Нұрдәулет Ағзамбаев ("Қайсар").
Бас бапкердің айтуынша, жаттықтырушылар штабы ақпан айында Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары барысында Премьер-лига клубтарының ойыншыларын жіті бақылаған.
Сонымен қатар U-21 және U-19 құрамаларының бапкерлерімен бірлесіп селекциялық жұмыстар жүргізіліп, клуб жаттықтырушыларымен кездесулер ұйымдастырылған. Бақылау матчтары да мұқият сарапталған.
Осы жұмыстардың нәтижесінде FIFA талаптарына сәйкес 1 наурызға дейін 50 ойыншыдан тұратын кеңейтілген тізім жолданды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған