Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дінімізде қымыз ішуге рұқсат па?

еті адал малдың сүті де адал. Бұнда Ислам ғалымдары арасында талас жоқ. Қымыз – еті адал саналатын жылқы сүті болғандықтан харам деуге болмайды.

87ad3c715b83924884f6418ad75927aa_XL

Тек, ханафи ғұламалары арасынан Имам Мұхаммед қатты ашыған жылқы сүтін ішу харамға жақын мәкруһ деп есептеген. (Ғұламаның «қатты ашыған жылқы сүті» дегені, сол біздің қымызымыз болса керек), деп жазады islam.kz.

Дегенмен, Ұлық Имам Әбу Ханифа және Имам Әбу Юсуф бойынша ашыған болса да, жылқы сүті адал. Әрине, масайтатын ерекшелігі пайда болып, көп ішкен адамды мас қылып жатса, оның үкімі бөлек. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мас етуші ішімдіктердің бәрі харам. Көп ішкенде мас ететіннің азы да харам», – деген.

Бірақ, қымызды қанша ішсе де кісіні мас қылмайтыны белгілі. Сондықтан да, қымыз ішудің діни тұрғыда ешқандай күнәсі жоқ деуге негіз бар.

Ал, құрамындағы ашу барысында өздігінен пайда болған аз мөлшердегі спирт сырттан әдейі қосылмағандықтан әрі қанша ішсе де масайтпайтындай аз болғандықтан негізге алынбайды. Өйткені, аз көлемде өздігінен пайда болған спирт ашыған айранда да, тіпті ашыған нанда да бар. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Тағы да оқыңыз:

Қымыздың сіз білмейтін сырлары

Көз көруін сақтау және көз күтіміне арналған кеңестер

Қазақстандық ғалымдар қымыздың адам өмірін ұзартатынын дәлелдеді

Шариғатта шарапты шипа үшін ішуге бола ма

Талқылау