Өзбекстанда мұсылмандарға ChatGPT-ден жауап іздемеуге кеңес берілді

Фото: Greg Guy via Alamy Stock Photo
Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы діни сұрақтарға ChatGPT чат-боты арқылы жауап алуға болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Діни басқарма жасанды интеллект діни сұрақтарға нақты жауап бере алмайтынын мәлімдеді. Өйткені ChatGPT – адам қолынан шыққан өнім.
Кейде ChatGPT араб сөз тіркестеріне, кітапқа сілтеме жасаса да, болжамды жауап береді дейді.
ChatGPT екі баланың анасын қалқанша бездің қатерлі ісігінен құтқарып қалды
"Шынында келтірілген дәйексөздер аталған кітапта да, фикһтың басқа дереккөздерінде де кездеспейді. Сондықтан шариғат мәселелерінің шешімін теологтар мен мамандардан іздеу керек", – деп атап өтті Өзбекстан мұсылмандары басқармасы.
Олар мүміннің білімді қайдан және кімнен алатынын нақты білуі қажет деп қосты.
Бұған дейін ChatGPT Қазақстанда қосылған құн салығын төлейтіні айтылды.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"