Динара Закиева Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Мәжіліс депутаты Динара Закиеваны Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", – делінген қаулыда.
Динара Закиева 1982 жылдың 22 желтоқсанында дүниеге келген. Қытайдың Бейжің қаласында тілдер мн мәдениеттер институтында, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде білім алған. 2004 жылы Мәскеудегі РФ Ішкі істер министрлігінің дипломатиялық академиясында “Халықаралық құқық” мамандығын тәмамдады. 2013 жылы Дубайда MBA Hult international business school оқу орнын аяқтады.
Ал 2022 жылдың сәйірінен бастап Amanat партиясында отбасы мен халықты әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша қоғамдық кеңесті басқарған. Сонымен қатар 2021-2023 жылдары Мәжіліс депутаты болды.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"