Динара Сұлтан жас аналарға бесіктің басқа түрін қолдануға кеңес берді
Дәл қазір отбасымен шетелде тұрып жатқан Динара Сұлтан болашақ аналарға бесіктің басқа түрін пайдалануға кеңес берді.
Фото: instagram.com/dinara_sultan1/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Қандай керемет ойлап табылған дүние! Балапан қорылдап ұйықтап жатыр. Sling орағышы – өткізу тәсіліне байланысты ана мен бала арасында ерекше жолмен оралатын ұзын мата. Арнайы тоқу (жаккард, саржалы, сондай-ақ трикотаж маталар) әдісі болып табылады. Менің түріме мән бермей-ақ қойыңыздар”, – дейді әнші.
Мұнымен қатар, жарнама еместігін, бар болғаны болашақ аналармен пайдалы кеңесімен бөліскісі келгені туралы айтып өтті. Әнші орағышқа “жүру бесігі” деп ат қойған екен.
Аталған орағышты 0-ден бастап 36 айға дейін қолдануға болады. Sling орағышы бала салмағына қарамайды екен. Ұзақ уақыт байланатындықтан, сәби жылап жіберуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетсек, Динара Сұлтанның үш қыздан кейін ұлды болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.