Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сұлтан “Star of Asia” фестивалінде фонограммамен ән айтқан әріптестерін сынап тастады (видео)

Өткен сенбі мен жексенбіде Алматыдағы “Медеу” мұз айдынында “Star of Asia” музыкалық фестивалі өтті. Оған Қазақстанның ең танымал әртістерімен қатар, шетел жұлдыздары да қатысты. Алайда өкініштісі сол, өз сахнасында тұрса да, қазақ әншілерінің басым бөлігі фонограммамен ән айтқан. Есесіне шетелден келген қонақтар жанды дауыста шырқауды жөн көрген.

18722057_1331109680300245_2959276546193358848_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұл ретте әнші Динара Сұлтан жанды дауыста ән айтуға мүмкіндігі бола тұра, фонограммамен ән шырқаған әріптестерін сынап тастады.

“Жалпы, біздің елде жанды дауыста ән айту туралы мәселе сөз бола бастағанда, әншілеріміздің көбі оған лайық аппаратуралардың жоқтығын, концерт залдардың акустикасының дұрыс еместігін сылтау қылатын. Мүмкін, бір кездері солай болған да шығар. Ал қазір ше? Жанды дауыста әндерін орындауға не кедергі? Бүгін ктк арнасынан жанұямызбен “Star of Asia” көріп отырып, біздің отандық әртістеріміздің біреуі де жанды дауыста ән айтпағанына таңқалдым. Шетелден келген әртістердің 80% жанды дауыста бір емес, бірнеше ән орындап шықты. Демек, біздің әншілердің де сол жерде жанды дауыста ән айтуына толық мүмкіндік болды ғой? Сонда қалай болғаны? Қытайдың қызы молодец екен” – деді ашынған Динара.

Бұл ретте желідегілер Динарамен толықтай келісетінін айтып жатыр.

“Мен де қарап отырып сондай ойға келдім. Неліктен шетелдіктер жанды дауыс, біздікілер фонограмма”, “Себебі жанды дауыста айтуға қорқады. Фонограммаға үйреніп қалған. Оған қоса, дауыстары да керемет емес”, “Себебі той бизнес, бәрінің ойы ақша табу”, – деп сынады желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Дженнер VS Айсәуле: Танымал қазақ қыздары шетел жұлдыздарына еліктеуге неге құмар? (фото)

Жерлестерін көріп шабыттанып кеткен Баян көпшіліктің алдында бас иді (видео)

Ақбота мен Дәуреннің қандай сериалға түсіп жатқаны белгілі болды

Қыдыәлі: Сүйем сүйгенді. Қарақатыммен ақ некемізді қиғанымызға бүгін 18 жыл толды

Талқылау