Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сұлтан өзіне пластикалық ота жасатқан дегендерге жауап берді

Бүгінде төрт баланың анасы атанып отырған Динара Сұлтан өзіне пластикалық ота жасатып алған деген желі қолданушыларына жауап берді. Әнші жауап кезінде  тыңдарманының пікірін пайдалануды жөн көрген.

13187927_661110337374181_1035438382_n

Фото: instagram.com/dinara_sultan1/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Әншінің инстаграм парақшасына жарияланған кезекті суретінен кейін желі қолданушылары оның бетіне пластикалық ота жасатқанын жарыса жазған-ды. Десе де, Динара Сұлтан бұл “мәселеге” қатысты жауап беруден бас тартқан. Ол бұл сұраққа өзінен гөрі, тыңдарманының дұрыс жауап бергенін алға тартқан.

“Менің ойымша, өмірде түрлі таңғажайып орын алады. Бұл әйелдің жан-дүниесіне пластикалық ота жасалған сияқты. Бақылауымша, ота тұрмысқа шыққан сәттен бастап, үшінші қызының дүниеге келген уақытына дейін жасалған. Іштей қандай сындардан өткені тек өзіне мәлім. Өкінішке орай, біз көп қиындық көрген кезде ғана кемелдене түсеміз. Ешкімнің көңілін түсіргім келген жоқ. Мен ұлыңыз дүниеге келген сәттен бастап та бақыт құшағына еніп, жүзіңіздің нұрланып жүргенін айтқым келді. Сыртқа шығармасаңыз да, жан-дүниеңіз сондай керемет”, – дейді желі қолданушыларының бірі. Ары қарай әншінің өзіне ұнайтын қасиеттерін жіпке тізіп, оған бақыт тілеген.

Әке-Ана

Видео опубликовано Dinara Sultan (@dinara_sultan1)

“Осы пікір жазылмас бұрын маған адамдар пластикалық ота жасатқансыз ба деп сұраған болатын. Соған мен емес, басқа адам жауап берген екен. Жылы лебіздеріңізге рахмет”, – деп Динара Сұлтан жоғарыдағы пікірдің орынды жазылғанын айтып өтті. Өзі де осыны айтқысы келсе керек.

Бұдан өзге әнші әкесі мен анасына арналған бейнебаянының үзіндісін жариялап, оларды сағынып жүргенін жеткізген.


Оқи отырыңыз:

Динара Сұлтан жас аналарға бесіктің басқа түрін қолдануға кеңес берді

Динара Сұлтан сүйіктісінің “бір бөлігін” көрсетті

Динара Сұлтан үш қыздан кейін ұлды болды

Динара Сұлтан: Балаларым қазақша оқып, қазақ мектебін бітірсе екен деймін

Талқылау