Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сәтжан: Мен қазақпын, ана тілімді білемін, бірақ орыс тілінде өз ойымды білдірген оңай

Динара Сәтжан өзіне сын айтқандарға жауап берді. Орыс тілді жүргізуші өзінің қазақ екенін, ана тілін білетінін айтады. Алайда ресми тілде сөйлеу жеңілірек. 

“Мен қазақ тілін білемін! Мен әрқашан өз мәтінімді осы сөздерден бастауды армандайтынмын. Иә, мен қазақпын, ана тілімді білемін, бірақ өз ойларымды білдіру де, әңгімені жүргізу де орыс тілінде оңай. Менің ойымша, бұл сезім көптеген адамдарға таныс. Қатты қалайсың, бірақ ойыңды қазақша жеткізе алмағандағы сезім немесе жаныңда үнемі тек қазақша сөйлейтін адамдардың және дұрыс құралдардың болмағаны”, – деп жазды Динара Сәтжан. 

Тележүргізуші ана тілінде еркін сөйлеуге ниеттеніп жүргенін айтады. Желі қолданушыларының көпшілігі оның сөзін қостап, бастамасына қолдау білдірді. 



“Динарчик, сен әп-әдемі сөйлейсің ғой! Қазақтың білімді, еңбекқор қызысын, әлі-ақ үйреніп кетесің. Тоқтама, сөйлей бер, билей бер. Бал сөздерің басқаларға үлгі болсын. Тек қана қазақша”.

“Ана тілін білген, құрметтеген адам, сауатты адам деп есептеледі. Туған тіліме жаным ашиды. Өз тілін білмеген адамда намыс жоқ деп есептеймін. Өз тіліміздің деңгейін көтерейік”.

“Рақмет сізге, Динара. Барлық орыс тілді қазақ достарыңыз бен оқырмандарыңыз қазақша сөйлесе, керемет болар еді. Нұр-Сұлтанның жастары әлден балаларын орыс тілді етіп өсіріп келе жатыр. Балабақшалардың қазақ тобында балапандар орысша сөйлейтіні өте өкінішті”, “Динара, менің қасымда бір күн жүріңізші, өзіңіз қалай сөйлеп кеткеніңізді білмей қаласыз”, – деп жазды олар. 

Талқылау