"Қуана тұрмысқа шығатын едім". Динара Сәтжан ер азаматының бойында қандай қасиеттер болуы керектігін айтты
Танымал тележүргізуші болашақ ер азаматының қандай болуы керектігін жіпке тізгендей баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/dinarasatzhan
Әлеуметтік желідегі оқырмандардың бірі “Сіздің ер азаматыңыз қандай болуы керек?” деген сауал қойды. Динара ер адамның бойындағы бағалайтын ең басты 10 қасиетін айтып берді.
“Ақылды, мейірімді, мықты, өр, қамқор, жомарт, әзілқой, парасатты, сымбатты және қазақ болуы керек. Әлемде осы қасиеттерге ие ер азаматтың барын білемін”, – деп жауап берді тележүргіуші.
“Өзіңізден 12 жас кіші жігіт тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаса, не істер едіңіз?” деген сұрақ та жауапсыз қалмады. Динара “Қуана-қуана тұрмысқа шығатын едім” деп қысқа қайырды.
Оқырмандар тележүргізушіден қоғамның орыс тілді қазақтарға өштесуінің себебін сұрады.
“Мен бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Өйткені себебін білмеймін. Бірақ, менің ойымша, бұл нәрсе сізді тоқтатпауы тиіс. Мен қазақпын. Қаным қазақ. Сіздерге ұнаса да, ұнамаса да мен қазақша сөйлеп, ана тілімде сұхбат жазамын”, – деді Динара Сәтжан. Сондай-ақ ол ұлы мен қызының да қазақша сөйлейтінін айтты.