Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылады – Ата Заң

Дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылады – Ата ЗаңФото: 2Gis

Жаңа Заң жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалатыны турады жазылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ата Заңның 7-бабында екі бөлім көрсетілген:

1. Дін мемлекеттен бөлек.

2. Қазақстан аумағында діни ұйымдардың қызметі заңға сәйкес жүзеге асырылады және ол конституциялық құрылыс негіздерін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығын және қоғамның адамгершілік болмысын қорғау мақсатында шектелуі мүмкін.



“Дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып бекітіледі. Білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалады”, – делінген заң жобасында.

Еске салайық, бұған дейін Жаңа Конституция жобасының мазмұны жарияланған еді. Конституцияның алғашқы жобасында преамбула, 11 бөлім және 95 бап бар. Конституциялық соттың төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституцияның преамбуласының толықтай жаңартылғанын айтты.

Сонымен қатар преамбулада “Ұлы дала” ұғымы енгізілуі мүмкін екенін, сондай-ақ “Әділетті Қазақстан” және “Құқық пен тәртіп” ұғымдары да нақтыланғаны туралы жаздық. 

Айым Болатқызы
Сенбі, 31 Қаңтар, 2026 11:40