Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың Ақтөбеге барғандағы басты мақсаты белгілі болды

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген қатысып жатқан Қытайдағы «Singer-2017» жобасының аясында Димаштың туған жері мен оқыған мектебінің түсірілімдері өтті, деп хабарлайды Қазақпарат.

16228589_1873472499599339_2499531706252394496_n

Конкурстың жетінші кезеңінен кейін Димаштың Қазақстанға келгендегі басты мақсаты да осы түсірілмдерге түсу. Бұл туралы оның ресми өкілі Алпамыс Шәрімов мәлім етті. «Қазақстанға келгендегі сапарымыздың басты мақсаты – жоба ұйымдастырушылары Димаштың туған жерінің, мектебінің, әнші Димаш емес, студент Димаштың оқып жатқан жерін көріп, түсіргісі келді. Ақтөбеге де осы мақсатпен барғанбыз»,-деді Алпамыс Шәрімов.

Оның айтуынша, бұл жобаның түсірілімі сағат сағатымен жоспарланған екен. «Ақтөбеде Димаштың туған жерін түсірдік, жалпы, тұрға үйін, оқыған мектебін, колледжін түсірдік. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының көрікті жерлерін түсірдік. Ал, Астанада Димаштың қазіргі оқып жатқан академиясын, Астана қаласының әдемі жерлері туралы материал дайындадық»,-деді Алпамыс Шәрімов. Бұдан бұрын хабарлағынымыздай, бүгін Астанадағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстаздары мен студенттері Димашты қошаметпен қарсы алды.

Жіберіп алмаңыз:

Жүнісова: Ата-анасына бала Димашты шаршатып тойға сүйрейбермеңдер дегем

Димаш Құдайбергеннің тойдағы гонорары 15 мың АҚШ доллары болып кетті

Түсіпбаева айтқандарын мойындай отырып Жадодан кешірім сұрады (видео)

Талқылау