Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың 10-кезеңде орындайтын әні белгілі болды

Қытайда өтіп жатқан “I am a Singer” жобасы өз мәресіне жақындап келеді. Енді бірнеше аптадан соң біз қытайлар мен қазақстандықтардың көзайымына айналған жобаның нәтижесін білетін боламыз.

Димаш 140317

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бас-аяғы 14 кезеңнен тұратын жобаның 9 туры артта қалды. Оның үшеуінде Димаш бірінші орынды ұтып, жеңіс кубогын иеленді. Жалпы есепте Димаш әлі де үздік үштіктің көшін бастап тұр.

Алдағы сенбіде Singer-дің 9-кезеңі эфирден көрсетіледі. Онда Димаш әлемге әйгілі канадалық әнші Селин Дионның “All by myself” әнін орындайды. Есте болса, бұл кезеңде Димаштың екінші орын алғанын хабарлаған болатынбыз. Ал 25 наурызда эфирге шығатын 10-кезеңде Димаш өз репертуарындағы “Ұмытылмас күн” әнін қазақ және қытай тілінде орындамақ.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Қытайдың Чанша қаласында концерт берді (видео)

Айшаның жап-жас анасын көрген жұрт оның сұлулығына таңдай қақты

Мәдина Сәдуақасова қоғамдық көлікке отырып көпшілікті таңғалдырды

Тоқтар: Қыздарға қараймын, бірақ Бейбіт тоқал алуға рұқсат бермейді

 

Талқылау