Димаш Құдайбергеннің қарындасы Катардан күйеуімен түскен романтикалық суреттерін бөлісті

Әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген Катардан күйеуімен бірге түскен романтикалық фотоларын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің қарындасы естелік сәттерін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.
Раушан Құдайберген мен Ермахан Аймахан мұхит жағалауында бірге суретке түскен. Кадрларда олар бір-біріне мейіріммен қарап тұрса, басқа суреттерде бірге жүгіріп жүр.
“Дәл өзіңдей қайдан ұқсын қайғымды ел,
Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл.
Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір,
Ал қалғаны жай күндер”, – деп жазған ол.
Жас жұбайлардың романтикалық кадрлары әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті. Олар ерлі-зайыптыға бақыт тілеп, жылы тілектерін жарыса жазып жатыр.
“Ботақандар, аман болыңдар!”, “Тіл көздерден сақтасын. Әдемі жұп”, “Қазіргі кездің Жібегі мен Төлегені”, “Қандай әдемі, махаббат айдынында мәңгі бірге жүзіңіздер”, “Ең әдемі жұп”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін Раушан Құдайбергеннің тойында шақырылмаған қонақтар да болғаны хабарланған еді.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі