Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген ТҮРКСОЙ-дың ең жоғары марапатына ие болды

Димаш Құдайберген ТҮРКСОЙ-дың ең жоғары марапатына ие болдыФото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының марапаттарын табыстау рәсімінде Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген ұйымның ең жоғары наградасы саналатын “Түркі әлемінің мәдени елшісі” атаулы орденімен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл марапат әншіге түркі әлемі мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін табысталды. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Димаштың музыка арқылы мәдени елші миссиясын атқарып жүргенін атап өтті.

Өз кезегінде Димаш Құдайберген өнер адамы үшін ең үлкен марапат халықтың қолдауы екенін айтты.

“Өнер адамы үшін ең жоғары марапат – халықтың мойындауы мен қолдауы. Бұл марапатты мен елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың нығаюын білдіретін маңызды белгі ретінде қабылдаймын. Бұл марапат жеке өзіме емес, бүкіл қазақ халқына көрсетілген құрмет пен ілтипат деп білемін”, – деді өнер иесі.


Бір тәулікте 102 миллион қаралым: Димаш Құдайбергеннің шоуы рекорд орнатты

Тосынсый жасап келген: Димаш Құдайберген Роза Рымбаеваға тағзым етті


Айта кетейік, Димаш Құдайберген бұл марапатқа ие болған екінші тұлға атанды. Бұған дейін мұндай атақ Түркияның Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Азиз Санджарға берілген.

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайберген мәнерлеп сырғанаушы Шайдоровқа көлік сыйлайтын болғаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 06 Наурыз, 2026 13:34