Димаш Құдайберген Краснодардағы концертін дүркіретіп өткізді
Әлеуметтік желілерде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Ресейдің Краснодар қаласындағы концертінің видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаштың "Арнау" концерті өткен Краснодардың Баскет-холл залында адам лық толы болды. Бұл ән-шашу кеші - өнерпаздың концерттік турының басы. Сүйікті әншісінің өнерін тамашалауға тыңдармандар Ресейдің түкпір-түкпірінен келіпті.
Бұл жолы әншінің бағдарламасы жаңартылып, жиналған қауымға ұсынылыпты.
Алдағы уақытта Димаш Құдайберген өзінің концертін Мәскеуде, Рига мен Прага және т.б. қалаларда ұйымдастырмақ.

"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"