Димаш Құдайбергенов қытайлық жанкүйерлерін “Шырақтар” мерекесімен құттықтады
Қытайдағы Singer 2017 ән байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген бүгін Хунан телеарнасының «Юан Шияу» мерекесіне арналған концертінде қонақ болып, қазақтың «Ой жайлау» әнін шырқады.
Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.
“Бүгін Қытайда шамдар фестиваль мерекесі! Қытайлық жанкүйерлерімді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Қолымда қытай тілінде “бақ” деген жазу, баршаңыздың бастарыңыздан бақ кетпесін! Әлемде бейбітшілік орнасын!” – дейді Димаш Құдайбергенов.
Еске сала кетсек, Юан Шияу – Қытайдың дәстүрлі «Шырқатар» мерекесі. Әр жылы «Көктем мерекесі» аталатын қытайдың жаңа жылының 15-күні тойланады. Көшелерге және үйлердің ауласына арнайы жасалған шырақтар ілініп, отбасы мүшелері Таң Юан деп аталатын ұлттық тағамдарын дәм татады. Хунан телеарнасы әр жыл сайын танымал жұлдыздарды шақырып, мерекелік концертті тікелей эфирден көрсетеді.
Қазақстандық әнші бұған дейінде Хунан телеарнасының әлем қытайларына арналған «Көктем мерекесі» концертінде өнер көрсеткен болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаеваға сүйіктісі макарон әзірлеп берді (видео)
“Қазақстанға түкіргенім бар” деген ресейлік әнші халықтан кешірім сұрады
Баян Есентаева: Тағдырдың алдын ала жазылып қоятынына көзім жетті
Баян Есентаевамен селфи жасаған қазақстандық келіншек жылап жіберді