Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова Ақтөбеге келеді

Есімдері әлемге танылған Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова Ақтөбеге келеді. Қос бірдей өнер иесі “Бақытты бала-2018” байқауының финалистерімен бірге өнер көрсетпек.

Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова Ақтөбеге келеді

Бұл туралы Ақтөбе облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

1-3 маусым аралығында Ақтөбеде “Бақытты бала-2018” вокалистер байқауы ұйымдастырылмақ. Халықаралық сайысқа Қазақстан, Грекия, Ресей, Украина, Татарстан мен Қытайдан келген 10 және 15 жас аралығындағы өнерпаздар қатысады. Үміткерлерді тіркеу әлі де жалғасуда.

Іріктеу кезеңі онлайн түрде өтуде. Үміткерлер аудио және видео-жазбаларын электронды пошта арқылы жіберген. Үміткерлер 15 мамырға дейін қатысуға өтініш білдіре алады. Ал байқаудың екінші кезеңі 1 маусымда басталады. Іріктеуден өткен өнерпаздар жартылай финал мен финалға берілетін жолдаманы сарапқа салады.

Ал байқау соңында гала-концерт ұйымдастырылады. Финалистер Димаш Құдайберген, Данэлия Төлешова және Луиза Нұрқуатовамен бірге бір сахнада өнер көрсетеді.

Тағы оқыңыз: 

Серікбол Сайлаубек Түркияда Tutamas әнінің авторын іздеп жүр (видео)

Нұрлан Еспановқа айнытпай пародия жасаған жігіт жұртты күлдірді (видео)

Қалаулымның символы: Атышулы Замира жобамен қош айтысты (видео)

Мәдина Сәдуақасова құрылысы бітпеген үйге қонаққа кіріп, үй иелерін таңғалдырған

Талқылау