Димаш Құдайберген Канн кинофестивалі аясындағы қазақ кешінде ән шырқайтын болды
8-19 мамыр аралығында Қазақстанның Ұлттық павильоны Канн халықаралық кино фестивалі аясында отандық фильмдерді ұсынады. Аталған шара барысында Димаш Құдайберген ән шырқайды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Ағымдағы жылы режиссер Әділхан Ержановтың «Ласковое безразличие мира» кинокартинасы Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасына қатысады. Ал режиссер Ольга Коротьконың «Жайлы қыс» фильмі ACID бағдарламасы, Жаннат Алшанованың «Маусым соңы» фильмі Синефондасьон бағдарламасы бойынша көрсетіледі. Сондай-ақ, «Short Film Corner» бағдарламасында Венера Каиржанованың «Жасырынбақ», Берік Жахановтың «Асам» қысқаметражды кинокартинасы да көпшілік назарына ұсынылады.
Қазақстандық павильонның ашылуы биыл екінші рет өтетін болады. Қазақстандық делегация құрамында мемлекеттік орган өкілдері, Қазақстанның кино мен ТВ өкілдері, шығармашылық интеллигенциясы мен Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері бар.
Ал 9 мамырда Hôtel Barrière Le Majestic Cannes ғимаратында «Канндағы қазақ кеші» өтеді. Кеште ҚР халық әртісі Айман Мұсақожаева, әйгілі әнші Димаш Құдайберген ән шырқайды. Сондай-ақ, «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі және басқа да өнері адамдары қатысады.
Айта кетсек, Қазақстан ұлттық павильоны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Франциядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен ашылған еді.
Оқи отырыңыз:
Әйелдерді бағалы тасқа теңеген Ләйлә Сұлтанқызы өз «зергерін» дұрыс таңдауға кеңес берді
Тиматиді аузына қаратқан қазақ әншісі ресейлік шоуда Шымкент туралы ән орындады (видео)
Қайрат Нұртастың анасы: Біздің келіндерде кетіп қалу деген жоқ, кеткісі келсе біржола жібереміз
КТА ойыншысы Мереке «кішкентай баланың басын айналдырып алды» дегендерге жауап берді