Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиева шектен шыққан оқырманына сес көрсетті

Желі оқырмандарының бірі Ділназ Ахмадиеваның намысына тиетін сөздер жазып, әншінің шамына тиді. Ол Ділназды “жасы келген қызғаншақ әйел” деп айыптаған. Көп жағдайда сыни пікірлерге көз жұма қарайтын Ахмадиева бұл жолы қарап отыра алмады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ахмадиева Ділназ

Миа есімді желі қолданушысы Ділназды Назима Жәнібековаға қолдау көрсетпегені үшін жерден алып, жерге салған.

“Назимаға қолдау көрсетіңізші деп қанша адам өтінді. Соншалықты қиын ба? Әлде тек ақша үшін пост жазасыз ба? Бізді жерлестерін қолдайтын жалғыз адам – Джах Калиб екен. Ал сіз жасы келген іштар адамсыз. Қанша талпынсаңыз да, Ресейде көтеріле алмадыңыз. Қазақстанда да 20 жыл бұрын хит орындаған әншісіз. Қазір елде сізді қызғаншақ әрі жағымсыз әйел ретінде таниды. Халық болмаса, сіз ешкім емессіз. Наныңыздан айырылып отырсыз. Қарапайым егде жастағы әйел”, – деп жазған оқырман.

Бұл орайда Ахмадиева оған жауап берді.

“Сіздің басыңыз орнында ма? Жалпы менің парақшамды бақылайсыз ба? Тіліңізге ие болыңыз, әйтпесе сізді тауып, тіліңізді жұлып аламын. Ал енді менің парақшамды бақылап жүрген жандарға сұрақ. Менің Назиманы қолдап жазған посттарымды көрдіңіздер ме?” – деді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау