Ділназ Ахмадиева өзін “қарапайым емес” деп айыптаған жанға жауап берді
Соңғы уақыттары әнші Ділназ Ахмадиева елдің назарын аудартпай қоймайтын жарияланымдар жасауда. Әнші желіде жариялаған суреттерін «Сүйемін және мені сүйеді», «Махаббат бар» сынды хэштегтері арқылы белгілеп, желі оқырмандарын қызықтыра түсуде. Тыңдармандары алғашқы күйеуінен ажырасқан әншінің жаңа махаббатын кезіктірді деп болжауда. Одан бөлек, әнші жартылай тәнін ашып көрсеткен суреттерімен жиі бөлісетін болды.
Жуырда желі оқырманы Ахмадиеваның арқасы жартылай ашық суретіне жағымсыз пікір білдірді.
«Сіз әншісіз, алайда ән айтқаныңызды еш жерден көрмейміз. Тек арқаңызды ашып инстаға сурет салуды білесіз. Мұныңыз дұрыс емес сияқты. А.Пугачеваның немесе Дженнифер Лопестың арқасын ашып суретке түскенін ешқашан көрмеппін, Ділназ кішкене қарапайым болсаңызшы, сонда мына әлем де сізбен бірге болады. Сіз де арманыңыздағы ер адамыңызды кездестіре алмай жүрсіз бе?» – деп пікір білдірген Нұргүл есімді желі оқырманы.
Әншейінде мұндай пікірлерге көз жұма қарайтын әнші бұл жолы үнсіз отыра алмапты. «Шыдамның да шегі бар» дейді Ахмадиева.
«Бикеш, бүкіл әлем арқасын ашып жүр, ал сіз көрмепсіз, мен жұмыс істеп жүрмін, сіз тағы көрмепсіз. Мүмкін бар мәселе сізде шығар? Ал арманымдағы ер адамда сіздің мүлдем шаруаңыз болмасын. Әдетте сіз сияқтыларға жауап қайтармайтынмын. Бірақ сіз мені мәжбүрледіңіз. Сізге де сәттілік», – деп жауап берген.
Әншінің кері жауап қайтаратынын күтпесе керек-ті, оқырман одан кешірім сұрады. Осылайша даудың басы тыйылған секілді.
«Ділназ, өрескел пікірім үшін кешірім сұраймын. Өзіме не болғанын білмеймін. Тойда болдым, оның алдында жұмыстан келдім. Көңіл-күйім де тамаша еді. Бірақ сізге деген көзқарасым оңды», – деді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақша көйлек киген Мақпал Исабекова желі оқырмандарын тәнті етті
Әріптестері Мейрамбек Беспаевты туған күнімен құттықтауда
Түсіпбаева: Кейбір дизайнерлер сымбатты әйелдерді көре алмайды
Александр Панайотов, ресейлік әнші: Қазақ қызына үйленгім келеді