Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дикий Арманның" сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды

Дикий Арманның сыбайласы БАӘ-нен экстрадацияланды

Фото: Видеодан скрин

Қазақстанның Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшіліктің көмегімен қылмыстық топтың басшысы Арман Жұмагелдиевтің сыбайласын экстрадациялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінді. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталды.

Қазір күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр.

Тағылған айыптар бойынша оған 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиев 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты 20 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Қылмыс әлемінің серкесі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, оларды ұйымдастырғаны, адам ұрлап, оның өліміне себеп болғаны, сондай-ақ адамды заңсыз бостандықтан айырғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 10 жыл бойы қоғамдық-саяси және публицистикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Айым Болатқызы
Жұма, 11 Шілде, 2025 10:18
Талқылау