Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дикий Арманды қамауға алу мерзімі тағы да екі айға ұзартылды

“Дикий Арман” лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті тұтқынға алу мерзімі 7 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2023 жылғы 5 маусымда соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Арман Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін екі айға дейін ұзартуға санкция берілді.

Бұған дейін Бас прокурор Арман Жұмагелдиев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚК кураторының жетекшілігімен әрекет еткен деген еді. 

Еске салсақ,былтыр 7 қаңтарда арнайы операция барысында ұсталған Арман Жұмагелдиев сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Содан бері қамау мерзімі ұзартылуда.

6 қазанда Бас прокуратура Дикий Арман деген атпен танымал қылмыс жетекшісі Арман Жұмагелдиевке жаңа айыптардың тағылғанын мәлімдеген.

Талқылау