Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дикий Арманға жаңа айыптаулар тағылып, қамау мерзімі желтоқсанға дейін ұзартылды

Бас прокуратура Дикий Арман деген атпен танымал қылмыс жетекшісі Арман Жұмагелдиевке жаңа айыптардың тағылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Дикий Арман

Күдіктінің әрекеттері келесідей қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша қосымша сараланды:

ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 1,2-бөліктері – "Зорлық-зомбылықпен, қасақана қырумен, өрт қоюмен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды қолданумен, сондай-ақ құқық бұзушылықпен ұштасқан тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, билік өкіліне қарулы қарсылық көрсету, тәртіпсіздіктерге қатысу".

Сондай-ақ ол Қылмыстық кодекстің 262, 291, 287-баптары бойынша айыпталуда.



Араман Жұмагелдиевке Қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтары – "Абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық топ жасаған заңсыз бас бостандығынан айыру" жазасы да қарастырылмақ.

6 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімін 11 айға, яғни 2022 жылдың 7 желтоқсанына дейін ұзартты.

Еске салсақ, арнайы операция барысында ұсталған Арман Жұмагелдиев сот шешімімен 2 айға қамауға алынған болатын. Содан бері қамау мерзімі ұзартылуда.

Талқылау