Дикий Арман ісі бойынша үкім шығарған судья жаңа қызметке тағайындалды
Дикий Арман ісі бойынша үкім шығарған судья жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Асхат Әшірбеков президенттің 2025 жылғы 13 наурыздағы жарлығымен Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының жаңа басшысы қызметіне тағайындалғаны анықталды.
Айта кетейік, Асхат Әшірбеков 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына байланысты "Дикий Арман" деген атпен танымал атышулы Арман Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс бойынша шешім шығарған еді. Үкім 2025 жылғы 27 қаңтарда жарияланды. Жұмагелдиев ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру баптары бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салсақ, бұған дейін Дикий Арманның абақтыда тамырын кеспек болғаны туралы жазған едік.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"