"Дикий Арман" азаптау дерегіне қатысты сотта жеңіп шықты
Арман Жұмагелдиев азаптау дерегіне қатысты әскерилерге қарсы сотта жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Арман Жұмагелдиевтің сотта жеңгені туралы адвокат Олег Чернов мәлімдеді.
"Ол (Дикий Арман) азаптау және құқық қорғау органдарының өзге заңсыз әрекеттеріне қатысты сотта жеңе алды. Бүгін бұл туралы біліп, қатты қуанды. Заң ол үшін жұмыс істемейтінін, бірақ бүгін таңғажайып оқиғаның болғанын айтты", – деп жазды Олег Чернов.
Еске салайық, сот Арман Жүмагелдиевті қамауда ұстау мерзімін 7 тамызға дейін созған еді. Оған Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда 24 адамды ұрлады деген айып тағылған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес "Дикий Арманға" ҰҚК қызметкерлері тапсырма беріп отырған.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”