Дикий Арман абақтыда тамырын кеспек болған
Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде Арман Жұмагелдиевтің өзіне қолмақ болғаны жайлы ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Instagram/armandzhumageldiev
Ведомство дерегіне сәйкес Дикий Арман өзіне жеңіл жарақаттар келтірген.
"Медициналық көмек бірден көрсетілді. Жағдайы қанағаттанарлықтай. Сотталушы ерекше бақылауға алынды, онымен мекеменің психологтары жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада.
Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық тексеріс те басталыпты.
Еске салайық, 27 қаңтарда Қаңтар оқиғалары бойынша Арман Жұмагелдиевке үкім шыққан еді. Оған қылмыстық топ құрды және басқарды, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айырды деген айыптар тағылып, 20 жылға сотталды.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін