Диетолог Жаңа жылдан қалған салаттарды жеу қауіпті екенін айтты
Фото: Ru.freepik.com
Дәрігер-диетолог Надежда Литвинова-Гразион Жаңа жылдан қалған салаттарды жеудің қаншалықты қауіпті екенін айтты. Әсіресе құрамында балық, ет пен жұмыртқасы бар салаттарда келесі күні бактериялар көп болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Надежда Литвинова-Гразионның айтуынша, дайын тағамдарда бактериялар тез көбейеді.
“Әсіресе құрамында майонез, қаймақ, жұмыртқа, ет, шұжық немесе балық бар салаттарда стафилококк, сальмонелла, ішек таяқшасы және клостридиялардың әртүрлі түрлері өте жылдам көбейеді. Бұзылған тағамдардан уланып қалу қаупі бар. Ал патогенді микроағзалар жүрек айну, құсу, іш өту, іштің ауыруы мен түйілуі, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілерді тудырады”, – дейді диетолог.
Сөзінше, түннен қалған салаттарды жеcе адамның басы айналып, әлсіреп, тіпті жүрек ырғағы бұзылады.
Литвинова-Гразион атап өткендей, температура талапқа сай болмаса немесе бұзылған өнімдер пайдаланылған жағдайда тоңазытқышта да қауіпті микроағзалар белсенді түрде көбейеді. Оның айтуынша, тағам дайындалған сәттен бастап бір тәуліктен аспаса және ол +4 °C-тан жоғары емес температурада тоңазытқышта сақталса ғана оны келесі күні жеуге болады.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады