Дидар Сыдықбек "Тараз" футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды
Фото. ҚФФ
Бұрынғы кәсіби футболшы ретінде танылған Дидар Сыдықбек "Тараз" футбол клубын басқаратын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дидар Сыдықбек 1993 жылы Алматыда дүниеге келген. Футболшы ретінде "Қызылжар", "Астана-1964", "Ақтөбе" және "Ордабасы" командаларында доп тепкен.
Сонымен бірге Қазақстанның U-17, U-19 және U-21 құрамаларында бірнеше матчқа қатысқан. Сондай-ақ 2012 жылы Бірінші лигада "Үздік жас ойыншы" атағын иеленген.
Мансабын аяқтаған соң Дидар түрлі салада тәжірибе жинақтап, кейін футбол менеджментіне бет бұрды. Осы бағытта SD Family Group компаниясын басқарды. Бұл кезеңде жеке футбол клубын, стадионды, балалар академияларын ашып, Қазақстан Медиа футбол федерациясының құрылуына атсалысты.
Бұдан бөлек, ҚФФ-ның "Алаң" инфрақұрылымдық жобасында кеңесшілік қызмет атқарған. 2025 жылы "Атырау" клубында бас менеджер ретінде еңбек еткен.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі

